Оңтүстікқазақстандық дәрігерлер ливталық әріптестерімен бірге бірегей ота жасады. Жаңа тәсіл екі тілік жасау арқылы көкірек қуысының өзгерістерін жөндеуге мүмкіндік береді. Қазақстанда бұрын соңды болмаған отаға арнамыздың түсіру тобы қатысқан еді.
Насса тәсілі бойынша көкірек қуысында пайда болған тесікті түзеу біздің мамандар үшін жаңалық. Ал литвалық дәрігерлер бұл әдісті он жыл бойы пайдаланып келеді. Сондықтан да мұндай оталар тек науқастарға ғана пайдалы емес, медицина қызметкерлеріне де тәжірибе.
Жаңа тәсілдің ерекшелігі- жүрек пен өкпеге қауіп төндіретін төс сүйегінің кемістігін кеудесін кеспей қалпына келтіру болып табылады. Екі 3 см.-лік тілік жасаса болғаны. Алайда осыған дейін қолданыста 50 жыл болған ескі тәсілден де бас тартпаған жөн дейді литвалық дәрігерлер.
Литвалық мамандар ұсынған көкірек қуысының ақауын түзейтін мұндай жаңа тәсіл Қазақстан бойынша әлі еш жерде пайдаланылмаған. Бұл дегеніміз оңтүстікқазақстандықтар кезекті рет жаңашыл болды