Өткен аптадан бері жанар-жағармай бекеттері қолма-қол ақшаға бензин сатуға шектеу қойды. Отырардың тілшілері осы мәселе бойынша арнайы рейд ұйымдастырып, қаладағы жанармай станцияларының ахуалын білді.
Сөйтсек, Шымкентте соңғы 2-3 айда «Синойл», «ҚазМұнайГаз», «Гелиос» секілді ірі бекеттер АИ-80 және АИ-92 маркалы бензиндерге қатаң шектеу қойған. Сұйық отын тек талонмен босатылады. Ал жоғарғы октанды АИ-95 АИ-98дің бағасы шарықтап тұр. 1 литірі 125-145 теге аралығында. Қазір шымқалада тек таңнан түске дейін ғана бензин еркін сатылады.
Ал кеш ауа бекеттерде ұзын сонар кезек басталады. Зарыға күтіп, кезегің келгеннің өзінде әр көлікке 10-20 литр ғана жанармай құйылады. Жалпы сұйық отынның тапшылығын шымкенттіктер көктемнен бері сезіп келеді. Тіпті аталған мәселе өзге өңірлерде де күн тәртібіне ілінген. Премьер-министрдің өзі араласқан еді. Алайда, Үкіметтің реттеуіне қарамастан бензин тапшылығын жою әзірге мүмкін болмай тұр.