2011 жылдың осы мерзімге дейінгі қорытындысы бойынша әйел азаматтарға қатысты зорлық-зомбылық жоғарыда жазылғандай көбейген. Бұл өткен жылдың 10 айындағы есеп бойынша 100 қылмысқа көп деген сөз.
Мұндай мәліметтерді әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі жиында Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының әйелдер құқығын қорғау жөніндегі бас инспекторы Гүлчехра Момынова айтты. Осы күнге дейін түскен шағым-арыздарға байланысты 1235 жағдайға қылмыстық іс қозғалыпты. Г.Момынованың сөзінше, келтірілген қылмыстық істердің ішіндегі 321 факті әйел азаматтардың өз үйінде орын алған.
Бүгінгі таңда зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге одан арылу бойынша тақырыптық жиынтықтар және психологиялық тренингтер көптеп ұйымдастырылуда. Енді ол сабақтарға жәбір шеккен отбасыларға жиі барып халықаралық тәжірибелер ұсынған жаңа жобаларды қосуымыз шарт. Белсенділердің пікірінше, нәзік жандылар өздерін дұрыстап бағалауы қажет. Және кез келген жағдайда құқықтарын қорғауды үйренуі керек.