Шымкенттік автобустардың жанармай мәселесі бір түнде шешілді

51
жолаушытасымалдаушылардың бүгінгі күйі

Автожанармай бекеттеріне жолаушы тасымалдайтын көліктерге сұйық отын келді. Бірақ, мұнымен мәселе толығымен шешілді деп айтуға әлі ерте.

Автобустар уақытылы жүріп жатыр дейді жолаушылар. Олардың бұл сөзін қоғамдық тасымалдау көліктерінің иелері де растауда. Шымкентте Дизель отынына жол ашылды, яғни табуға болады. Десе де жаздық үлгісі ғана сатылуда.

«Қалай екенін білмедім, бірақ бір түнде мәселені шешкендеріне таң қалдырды. Бүгін барлық жанармай құю бекеттерінде еш кедергісіз сұйық отын сатылуда «- дейді «ЮжАвтоТранс» ассоциациясының төрағасы Дархан Каюпов.

Ал жүргізушілер бұл көріністі құбылмалы деп суреттеп отыр.

Расында да, сұйық отынның одан әрі қандай күй кешетіні әзірге белгісіз. Сонда да жолаушы тасымалдаушылар биліктің қысқы отынмен қамтамасыз ететініне сеніммен қарайды.