ОҚО-ның Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Тәжікстан азаматын құрықтады. 29 жастағы ер азаматқа өз Отанында-ақ іздеу жарияланған екен. Ол экстремистік топтың салған лаңына мүше болған деп айыпталыпты.
Полицейлер шетел азаматын ұстау барысында күдіктіден діни кітап тәркілеген. Ол заттар қазір сот-филологиялық-діни сараптамаға жөнелтілген.
Күдіктінің жауап беруіне қарағанда, олардың тобы Тәжікстандағы ислам Халифатын жаңартып, мемлекеттік құрылымды өзгертпек болған. «Мигрант» операциясының нәтижесінде ұсталған азаматқа қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.