Суретшілер

Қаламыздағы облыстық экологилық орталықта: «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты облыстық байқау өтті. Ал бүгін дәл осы байқауға қатыстырылатын туындыларды қазылар алқасы саралап, қорытындысын жасады.

Аталған байқауға жалпы саны 254 жұмыс тапсырылған. Бәйдібек, Төлеби, Түлкібас, Отырар, Сайрам, Шардара, Созақ, Мақтарал, Сарыағаш аудандары қатыстырылған. Белгісіз себептермен бұл байқауға Кентау, Ордабасы аудандары қатыспаған.

Ал жұмыстар 5 номинация бойынша қаралады: «Туған өлкенің тазалығы үшін», «Экология балалар көзімен», «Табиғат тынысы», «Табиғат формаларының пластикасы», «Табиғат айнасы».Сонымен қорыта келгенде бірінші орынды Төлеби ауданының үшінші сынып оқушысы иеленді.