Ташкент трассасындағы соқтығыстан 8 адам мерт болды

209
Бұл көлікте 5 адам болған еді...

Қаза болғандардың арасында 2010 және 2011 жылы туылған балдырғандар да бар. Түрлі дәрежеде жарақат алған 12 адамның ішінде бес бала бар. Олардың ең үлкені 10 жаста көрінеді.

Сенбі, түнгі сағат үш жарым шамасында «Субару Форестер» автокөлігін мінген 31 жастағы азамат рөлге ие бола алмай қалған. Нәтижесінде қарсы бағытта келе жатқан «Мерседеске» соқтысып осындай ауыр оқиғаға душар болды. Бұл оқыс оқиған Ащыбұлақ ауылы жаныдағы Ташкент трассасында орын алған.

Қарсы бағыттан келген Мерседестің төрт жолаушысы да көліктің алғы терезесінен болған қатты соқтығыстан кейін қаза болған.

Мерт болғандардың денесін алып шығу үшін, облыс орталығынан құтқарушылар шақыруға тура келген. «Субару» көлігінің жүргізушісі және «Мерседестің» тағы бір жолаушысы ғана аман қалған, оларға сол кезде-ақ алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.