Кеше ҚР Білім және ғылым министрліггінің жауапты хатшысы Болат Әбдірәсілов ЖОО арасында жемқорлық жайлаған өңірлерді атады. Көшбасында Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстары тұрғанын айтты. Бұл студенттер арасында жасалынған сауалнама негізінде шығарылып отырған қортынды екен.
«ЖОО-лардың денінде білім берудің нәтижесі туралы ақпараттық ашықтық жоқ. Студенттердің назарына ағымдағы, рубеждік және қорытынды бақылаулардың нәтижелері уақытылы жеткізілмейді. Студенттердің оқуға келіп-кетуі өз деңгейінде қадағаланбайды. Жемқорлыққа қарсы жұмыстар бойынша ұсынылған есептерге жасалған талдау — бірқатар ЖОО-да жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу жүйелі түрде емес, немқұрайлы жүргізілетіндігін көрсетті», — дейді Болат Әбдірәсілов.
«Итің ұры» десе намыстанатын қазақпыз ғой. Республика бойынша жемқорлық жайлаған оқу орындарының көптігі жөнінен Оңтүстік Қазақстанның көш бастап тұрғаны ұят-ақ екен…