жүк көлігі басып кеткен
жүк көлігі басып кеткен

Бұл оқиға Рысқұлов пен Ерімбетов көшелерінің қиылысында орын алды. «MAN» жүк көлігі 75 жастағы қарияны мұрттай ұшырды.

Жедел жәрдем келгенімен, қарт кісіні аман алып қалуға үлгермеді. Қария оқиға орнында көз жұмды.

Жол полициясы қанды оқиға болған қиылысқа бекет қойды. Адамның денесі тексеру біткенше орнынан жылжытылған жоқ. Біздің түсіру тобымыз «MAN» көлігі жүргізушісін ол жерден таба алмады. Куәгерлерді сұрастырғанымыздан да түк шықпады.