Шымкентте «Бүгінгі бала-ертеңгі болашағымыз» атты облыстық студенттер форумы басталды. Жиын Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжде өтті. Ауқымды акцияның мақсаты балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және жастар саясатының жүзеге асырылуына қолдау көрсету.
Іс-шара ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының 22 жылдығына арналыпты. Фрумның өтуіне ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ұйытқы болыпты.
Жиында тәртіпсақшылар мен құқық қорғаушылар қонақта болсып студенттердің ықтық біліктілігін арттырды. Кәмелетке толмағандардың міндеттемелерін айшықтайтын арнайы парақшалар таратылды акция барысында. Сонымен қатар жоғарғы және орта арнаулы білім мекемелеріндегі студенттердің өзекті мәселелері күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып оның шешілу жолдарын қарастырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция әлі де жалғасын тауып, алдағы уақытта өмірде қиын жағдайға тап болған балалардыға құқықтық көмек көрсетеміз деп отыр.