Мерейлі меркеге орай Қ.Рысқұлбеков атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Е.Қойбағаровпен кездесу кеш өткізілді. Сегіз қырлы , бір сырлы қаламгердің әдеби кешіне қара өлең мен қара сөздің қадірін ұғынатын зиялы қауым өкілдері мен студенттері қатысты.
Драматургияға да қалам тербеп жүрген Оңтүстіктің жазушысының шығармаларынан жастар үзінді оқып, сахналандырылған көріністер қойды.
Алпысқа келген айтулы азаматтың қоғамның қай саласындағы болсын қызметі кейінгіге үлгі екені даусыз.