Күн санап жақындап келе жатқан торқалы той Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында ЖОО-ның студенттері Желтоқсан оқиғасына қатысып, қыстың ызғарлы суығында алаңға шыққан аға-апалармен кездесті.
Кездесу барысында жастар қанды оқиғаның куәгерлеріне өздерін толғандырған сұрақтар қойып, жауаптар алды. Елінің ертеңі үшін жанын құрбан еткендерге бақытты күн сыйлағандарына алғыстарын білдірді.
Ал ұстаздар қауымы Тәуелсіздік қатарластарының, студент жастардың санасында батыр апа-ағаларының бейнесі мәігі сақталып, оларға деген құрмет азаймаса екен деп тіледі. Кездесудің соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.