сот отырысына тұрғындар да қатысты

«3-Энергоорталық» АҚ-ның өкілдері 8 шағынауданның тұрғынынан жылудың қарызын алмақшы, ал азаматша ол қарызды бермейтінін айтады.

Әйел азамат қанша жылдан бері үйінде болмаған жылу үшін ешқандай ақы төлемеймін дейді. Ал мұнымен жылужеткізуші компания өкілдері келіспей, 38241 теңге қарызын төлеуді талап етіп отыр. Зейнеткер жауап беруші Салтанат Қуатованың заңгері екі жақты келісім облыстық басылымдарда жарық көргенімен ол шындыққа жанаспайды дейді.

Жанат Увалиева, жауапберушінің өкілі:
«Бүгінгі таңда бұл келісім-шартқа қарсылық білдіріп жатырмыз. Себебі бір басылымнан ғана жарыққа шыққан оны жариялық дей аламаймыз. «Оңтүстік Рабат», «Рабат», «Айғақ», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінің редакциялары да мұндай келісім-шарттың жарияланбағанын айтты. Бұл келісім тек «Южный Казахстан» газеттінде ғана жарияланған. Егер сауалнама жүргізетін болсақ, 2007 жылы жарияланған деген келісім-шартты растамас еді. Осыған қарамастан, «3-Энергоорталық» АҚ осы келісім-шарт негізінде есеп қағазын ұсынуда.

Жауап берушінің заңгерінің айту бойынша, сол келісім-шарт шынында да өз күшінде немесе заңды болса, неге контролер түбіртек қағазбен бірге таратпасқа дейді. Бұл отырысқа сол көпқабатты үйдің тұрғындары да қатысты.
Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін сот шешімінен кейін білетін боламыз.