Қояннан ұлуға бет алдық

454

Өткенді сараласақ, мойындауымыз керек қоян жылдары жалпақ жұртты дүр сілкіндірген жағымсыз оқиғалар көп болған. Жыл жұт, аштық, ауыртпалық, бейнетпен қазақ халқының есінде қалған. 2011 жыл тарихта өзіндік оқиғаларымен есте қалары сөзсіз.

Батыр Бауыржан Мо­мышұлы жыл атта­рына жаса­­ған талдауының түйінінде қоян жылы қамбалы, ұлу жылы үлгілі деген. Шын мәнінде үлгілі боларлық оқиғаның бірі 1988 жылы орын алған. Сол жылы еліміз алғаш рет Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесін тойлай бастады. Жәндік табиғатынан адам баласына зияны жоқ, баяу қимылдайды. Қорғаныш қасиетінің түр-түрін меңгерген. Сондықтан мамандар ұлу жылы туылған жандардың мінез құлқы тұйық, маңғаз болады деп болжайды. Ал өткелі отырған жыл халықтың есінде қандай оқиғалармен есте қалды екен.

Қоян жылын мысық жылы дегендей, келер жыл шығыс күнтізбесі бойынша айдахар делінеді. Көз тартар түрлі сыйлықтардың басым көбі шығыс жақтан келуіне байланысты болар, дүкен сөрелерінде айдахар бейнесіндегі ойыншықтар қаптап тұр.

Қазақы жыл қайыруда ұлу жылы есігімізден енеді. Бұл үй жәндігі болғандықтан. жаңа жылды өз үйімізде қарсы алғанымыз дұрыс. Ұлу жылы туылғандардың мінезі сабырлы, ақылды, байқапмаз, болады. Сондықтан олардың ішінен дипломат, мықты оқытушы, дін қызметкерелері шығады. Бұл жылы туылған атақты адамдардың арасында Президентімізі Нұрсұлтан Назарбаев, РФ 2-ші перзиденті Владимир Путин бар.