Өңірде өнеркәсіп өндірісі артып келеді

321
экономикалық өсім

Өткен жылы ОҚО-дағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі артыпты. Жекелей саралайтын болсақ, кен өндіру мен карьерлерді қазу -7,1 пайызға өскен. Ал электрмен жабдықтау — 12,1пайыз болса, сумен жабдықтау — 12,3 пайызға артқан. Ал ауылшаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 212млн. 854 мың теңгені құрапты. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының артқандығын айтпай кетуге болмайды. Мал шаруашылығын дамыту белең алып келеді. Сондықтан болар, ол 4,5 пайыздық көрсеткішпен алға шыққан.

2012 жылдың алғашқы көрсеткіштері де жаман емес дейді статистика департаментінің мамандары. Осы аз уақыт аралағында облыста 27 333 шаруашылық тіркелсе, олардың 13 678 өзінің жұмыс нәтижелерін ұсынып отыр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде 25 709 шағын кәсіпорын бар. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны 124 113 бірлікті құрап отыр.

 2011 жылдың қаңтар-қарашада облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі жаман емес. Оның іщінде экспорт — 2248,7 млн. Ал импорт 1274,5 млн болды.