Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,1 пайызға өсті

39
Ол - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі қаншаға өскенін мәлімдеді.

«Теріс сыртқы факторларға қарамастан, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3,1% деңгейде тұрақты өсімге қол жеткізді. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,2%-ті, ал қызмет көрсету саласында 2,5%-ті құрады», – деді министр үкімет отырысында.

2022 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда тауар айналымы 33,4%-ке өсіп, 122,2 миллиард долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 42,4%-ке өсіп, 77,6 миллиард долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауар экспорты 33,8%-ке ұлғайып, 24,1 миллиард долларды құрады. Тауар импорты 44,6 миллиард долларға тең.
«Жалпы, оң сауда балансы 33,1 миллиард долларды құрап отыр», – деді Қуантыров.
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де оң өсім сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,4%-ке артқан.