Úı ANONS Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 4,3 пайызға өсті

Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 4,3 пайызға өсті

фото 7kun.kz

Ұлттық экономика министрлігі Руслан Дәленов Қазақстанның жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 4,3 пайызға өсті. Өсім құрылыс (13,5%), сауда (7,6%) және көлік саласындағы (5,5%) шығарылымның ұлғаюымен қамтамасыз етілгенін атап өту керек. Негізгі капиталға салынған инвестиция 9,7% өсті. Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3% құрады (2018 жылдың қыркүйегінде 6,1% болған). Бұл жоспарланған дәліз, яғни 4-6 пайыз шегінде», — деді министр Үкімет отырысында.

Руслан Дәленовтың айтуынша, қантар-тамыз айларында халықтың нақты табысы 6,7% артқан.

«Өнеркәсіп өндірісі 9 айда 3,3% өсті. Өңдеу өнеркәсібі мен кен өндіру өнеркәсібі өсім драйвері болды. Өндеу саласында ең жоғары өсімге жеңіл өнеркәсіпте (19,0%), машина жасауда (18,2%), сусын өндірісінде (15,3%) және фармацевтикада (12,5%) қол жеткізілді. Кен өндіру өнеркәсібінде металл кенін өндіру 13,1 % көбейді. Бұл өсім түсті металл рудасын өндірудің (18,4%) ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, көмір (-3,1%) және мұнай (-0,5%) өндіруде әлі де төмендеу байқалады», — деді министр.