Өткен 2011 жылы Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бөлінген 120 млн. теңге игерілмей қалды. Ол қаражатқа қаладағы екі көпқабаты үй толығымен күрделі жөндеуден өтуі тиіс болатын. Ал жергілікті атқарушы органдар арқылы бөлінген 343 млн. теңгеге Шымкент қаласында 7 үйде жұмыс басталып, төртеуі ғана аяқталды. Ал үш үйдің жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жоспар бойынша ТҮКШ бағдарламасы бойынша ОҚО 2011 жылы 1 млрд. теңгеге 15 үй жөнделуі тиіс еді.
Республика бойынша өткен жылы 373 үй жөнделген. Мамандардың мәлімдеуінше, тозған көпқабатты үйлерін жөндеуден Шығыс Қазақстан облысы көш басында келеді. Аталған облыста 93 үй жөнделіпті. Екінші орында Астана, әрі қарай тізімде Алматы қалалары мен Жамбыл облысы тұр.
7 және 15 жылға үкіметтен үстемесіз несие алып тозған үйлерін жөндеуге ең бірінші үй тұрғындарының қызығушылығы жоғары болып, бағдарламаға белсене араласуы тиіс болатын. Алайда бағдарламаның басталғанына екі жыл өткенімен жергілікті билік оны халықа толық қанды жеткізе алмады. Нәтижесінде бағдарлама тоқырап қалды.
Шымкент қаласындағы күрделі жөндеу көрген ең үлкен көпқабатты үй Тәуке хан көшесіндегі 33 үйдің 1,2,3 корпусы. Міне, осы үйдегі 150 пәтердің 29-на еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегі ретінде 22 млн. 600 мың тенге жәрдем берді. Есесіне мұндағы пәтерлердің құны 20\30 пайызға қымбаттағаны байқалыпты.
ТҮКШ бағдарламасы бойынша, ОҚО-да биыл 45 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өткізіледі. Оған республикалық бюджетен 812 млн. теңгеге жуық қаражат қаралған. Оның 312 млн. теңгесі Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы, 500 млн. теңгесі жергілікті атқарушы органдар арқылы игерілетін болады.