Бұл мәліметтер облыстағы еңбек инспекторларының мекемелерге 1335 рет тексеру жасап, 23 миллион теңге өндіру нәтижесінде анықталып отыр.
Еңбек заңдылығына байланысты құқыққорғау орындарының мамандары бас қосқан жыл сайынғы дәстүрлі жиында өткен жылғы мәліметтер келтіріліп, ортақ жұмысты қолға алу ісі сөз болды.
Айтуларынша, былтыр жазатайымда орын алған 100 жағдайдан 19 адам ажал құшқан. Оның жартысынан көбі жол көлік апаттарына байланысты. Сондай-ақ, жеті мекеменің жалақы бойынша қарыз болса, 3 мекеме банкротқа ұшырапты.
Бастар ЕСҚАРАЕВ, ОБЛЫСТЫҢ БАС ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ: «Қоғамдағы азаматтар әлі де болса өз құқықтары мен міндеттерін білмеуде. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердің де жіберіп жатқан кемшіліктері мол. Алдынғы жылмен салыстырғанда өткен жылғы жазатайым жағдай нәтижесі өскендігін көрсетіп отыр. Бұл әсіресе жол-көлік апаттарына байланысты болуда».