SCAT әуекомпаниясы тілшілердің әуеотынының тапшылығы жөнінде жіберген сауалына жауапхат жіберді.
Әуекомпанияның баспасөзбен байланыс жөніндегі маманы В.С.Ульянов жіберген үшбу хатта SCAT әуекомпаниясы Көлік және коммуникация министрлігі мәлімдеген ақпаратты растағаны жазылған. Министрлік қазақстандық әуежайларда отын тапшылығы өсіп бара жатқанын айтқан болатын. Қазақстандық мұнай өндіруші зауыттардың сұйық отыны әуежайлардың қажеттілігін қанағаттандыра алмауда.
«Эйр Астана» АҚ да сұйықотынның 72 мың тоннаға дейін тапшы екенін мойындады. Бұл жайлы «Эйр Астана» АҚ-ның бұқарамен байланыс жөніндегі вице-президенті Белла Тормышева Kapital.kz. порталына айтқан.
2011 жылы ҚР Мұнай және газ министрлігі ішкі нарық үшін қазақстандық мұнайөндіруші компаниялар 440 мың тонна әуе керосинін өндірді. Оның 165 мың тоннасы «Эйр Астана» АҚ үшін өндірілген еді. Ал аталмыш әуекомпаниясының сұйық отынға жылдық қажеттілігі 187 мың тоннаны құрайды. Алайда 2011 жылы бөлінген 165 мың тонна мұнайдың 50 мың тоннасы жеткен жоқ. Өйткені, бір жыл ішінде әуесұйықотынының бағасы 130 пайызға дейін өскен.