Шымкенттің үздік оқушылары әуежайға саяхаттады

229

Балаларға тарту.  «Сбербанк» АҚ-ның Шымкент филиалы мен «Скат» әуекомпаниясының өкілдері мектептің үздік оқушыларына ерекше сый жасады. 30 бірдей баланың арманы бірден орындалып,  әуе көлігіне саяхат жасады. Балалар үшін әуе кемесі әрқашан қызық. Себебі ұшақты екі күннің бірінде көруге мүмкіндік жоқ. Бұл бастаманы қолға алған «Сбербанк» ұжымы осылайша мектептің үздік оқушыларына тосын сый жасаған.

Маржан Тоқынтаева, «Сбербанк» АҚ-ның өкілі : «Балаларға барлығы ұнады. Олардың  заманауи ұшақтарға қызығушылығы өте жоғары екенін байқадық. Сұрақтар жаудырып, қызықтырған мәліметтерімен танысты»

Ұшақтың іші бір сәт бүлдіршіндердің шаттық күлкісімен тербелді. Келушілерге жолаушылар тамағы ұсынылып, балалар әуеде тартылатын астан дәм татты. Сондай-ақ, сыйлықтар да ұмыт қалған жоқ. Барлық балаларға түрлі тәттілер мен ерекше сыйлықтар таратылды.