«Boеing 737 MAX 8» ұшағы Астанаға алғашқы сапарын жасады

819

Шымкент – Астана бағытын бетке алған әуе лайнері жұртшылыққа таныстырылды. Мамандар заманауи талапқа сай жетілдірілген әуе қозғалтқышы отандық авиацияның дамуына айқара жол ашады деп үміт артады.

«Boеing 737 MAX 8» ұшағы Шымкенттен Астанаға 1 жарым сағатта келді. Алғашқы рейс сәтті жүзеге асты. Мамандар заманауи лайнердің қолданысы экономикалық және экологиялық тұрғыдан да тиімді дейді. Тиімді болатыны «Бойнг» қазіргі қолданыстағы ең үнемді әуе қозғалтқыштармен салыстырғанда 14 пайыз керосинді аз тұтынады. Қоршаған ортаға аса зиян тигізбейтіні де сондықтан.

Еш қонбастан арақашықтықты 8 сағат ішінде бағындыруға да қабілетті дейді мамандар. Су жаңа лайнер халықаралық әуе тасымалдаушылары қауымдастығының өкілдеріне таныстырылды. Онда елдегі авиацияның дамуы мен оған қолбайлау болып жатқан факторлар да ортаға салынды. Салаға жауаптылар өзгелермен салыстырғанда Қазақстанда керосин бағасының әлдеқайда қымбат екенін де жасырмады.

Әуежайлардың шет елдік ұшақтарға отынды тиісті формулаға сай босатпайтыны да мәлім болды. Ал керосин мәселесін оңтайлы шешкен «Скат » авиакомпаниясы басшылығы үнемді әуе лайнерлерінің алтауын сатып алмақ. 115 млн. теңге тұратын ұшақ бізге жеңілдікпен берілді дейді олар.Бұл заманауи әуе лайнерінің алғашқы жолаушылары. Жайлы салон, сапалы қызмет, крейсерлік жылдамдық. Бүгінгі тұтынушының талғамы жоғары. Жолаушылар Астанаға қалай жеткендерін де білмей қалды. Алғашқы жоспарлы рейсті атап өткен скаттықтар түрлі ұтыс ойындарын ұйымдастырып, жеңімпаздарға тарту таралғы жасады.