ересектермен қатар жас теннисшілер де мықтылық танытты

Оңтүстіктің бірқатар аудандарымен, қаламыздың үстел теннисімен шұғылданып жүрген азаматтары бір шаңырақ астына жиналды. Мақсат біреу-өзара чемпиондарын анықтау. Бұл жолғы турнирде жас ерекшелігіне шек қойылмады. 10 жастағы жеткіншектен бастап спорт ардагерлеріне дейін үстел теннисінен чемпион атану үшін таласқа түсті.  Олардың арасында кәсіпқой спортшылармен әуесқойлар да болды.

Мұндай турнирлер Шымкентте жиі өтіп тұрады. Өйткені осылайша жарыс ұйымдастырушылары үстел теннисіне деген қызығушылықты арттырып, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын сақтауға шақырды. Бас жүлдеге ие болғандар құнды сыйлықтар алып, келесіде жарыстың шеңберін кеңейтеміз деп уәделесті.

Сондай-ақ бұл жарыс Республикалық жарысқа іріктеу. Үстел теннисінен Қазақстан Чемпионаты ел ордамыз Астанад жалауын көтермек. Оңтүстіктің намысын №1 теннисшілер қорғауға тырысады. Ал қалалық біріншілік алдағы жарысқа дайындық деуге де болады.