Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартты

27
Үстел теннисінен Шымкенттің чемпиондары анықталды

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті.Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жас теннисшілер рейтингтегі орындарын жақсартты.

Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындады, ол қазір 105-орында тұр. Максим Батютенко 120, Даниал Рахматуллаев 202, Виталий Зацепин 209-сатыда келеді.

Жуырда Қарағандыда өткен жарыста жеңімпаз атанған 15 жасар Әмір Омарханов 345-тен бірден 269-ға көтерілді. Сондай-ақ Ілияс Маратұлы 308-інші (+55), Ерасыл Бақтияр 875-інші (+64), Заңғар Нұрланұлы 907-орынға жайғасты.

Қыздар арасында Сандуғаш Кенжебаева 80-орнында қалса, Асылжан Арыстанбекова – 132, Дана Байдәулет – 147, Айя Нұпбай – 149, Іңкәр Дүйсебай – 411, Әдемі Аманкелді 446-сатыда келеді.