Спорт 

Шымкентте самбодан облыс біріншілігі өтті

Самбодан облыс біріншілігіне барлығы 13 команда жиналған. Олардың арасында басым бөлігі дзюдошылар. Өйткені, самбо күресімен аудандарда жеткіншектер шұғылдануға асықпайды. Олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне самбо кірмеген. Сол себепті де қатысушылардың басым бөлігі қалалық палуандар.

Құрал Орынбасар, самбодан жасөспірімдер арасында ОҚО аға бапкері: “Бұл жарыс ҚР Чемпионатына дайындық. Осы турнирдің қорытыдысы бойынша облыс құрамасын жасақтаймыз. Мықтылық танытып жатқан балалар аз емес, енді олардың арасынан таңдай жасасақ болғаны.”

Десек те жерлестеріміз жарыстардан қалмайды. Алда Ел чемпионаты күтіп тұр. Республикалық сынақта оңтүстіктіктің самбошылары алтыннан алқа тағуды жоспарлайды. Ал бүгінгі іріктеуден сүрінбей өткендер сол жарысқа жолдама жеңіп алады.

Бір күн бойы белдескен палуандардың арасынан Шымкенттің төрт спортшысы чемпион атанды. Сондай-ақ, Түркістандық екі үміткер де алтыннан алқа тақты. Сарыағаш, Бәйдібек және Отырардың палуандары да жүлдесіз болмады.

самбодан ОҚО біріншілігінің жеңімпаздары:

48 келі салмақта,  Данияр Қалыбеков, Шымкент

52 келі салмақта,  Даурен Сейтбек, Отырар ауданы

56 келі салмақта, Сейдуалы Асылжан, Түркістан

60 келі салмақта, Омарқұл Ерболат, Түркістан

65 келі салмақта Рысбек Олжас, Шымкент

70 келі салмақта, Мұстафа Шілдебаев, Отырар

75 келі салмақта, Айбек Сапарқұл, Шымкент

81 келі салмақта, Таубай Баймұрза, Сарыағаш

87 келі салмақта, Даурен Ізәтіллә, Бәйдібек

+87 келі салмақта,  Даурен Кәмірбек, Шымкент

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz