Еңбек барысындағы жазатайым жағдайға жұмыс беруші жауап беріп жүр ме?

еңбек барысында жарақат алды

Естеріңізде болса, 16-қаңтарда Шымкенттегі Тыныбаев көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде оқыс оқиға орын алған еді. Осы аумақтағы көп қабатты үйлердің қаспетін жөндеп жатқан екі құрылысшы биіктен құлап кеткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға техникалық ақауларға байланысты болған.

Оқиға орын алған күні біздің түсіру тобы куәгерлермен тілдесті. Айтуларынша, көпқабатты үйлердің сыртын әрлеп жатқан құрлысшылар жоғары қабаттардың бірінен құлап кеткен.

Өзге бір куәгерлердің айтуынша «Стронг Базис» ЖШС-інің жұмысшылары көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған. Жоғарыға көтергіш құрылғы істен шығып, алып тіреумен бірге құрлысшылар да жерге оңбай түскен. Зардап шегушілерге жедел медициналық жәрдем бригадасы келіп, көмек көрсетіп, ауруханаға алып кетеді. Бірақ мұны көргендер микрофонға айтқысы келмеді. Сондықтан ресми дәлел жоқ. Құлаған қос құрылысшыға алғашқы көмек көрсеткен дәрігерлерді іздеп, 2 ауруханаға бардық.

Бірақ, жарақат бөлімінің дәрігері әлгі тайып жығылғандардың қол сынығына гипс таңып бергенін растап отыр. Ал «Стронг Базис» ЖШС жоба жетекшісі Нұрлан Әміреұлының айтуынша, құрлысшылар 9 қабаттан емес екіншіден құлаған. Бір қызығы, ешбір жазатайым жағдай орын алмапты.

Құрлыс нысанынан бүгін барғанымызда жұмысшылардың қауіпсіздік ережесін сақтап, басынан бақайшығына дейін қажетті құралдармен сайланып алғанын көрдік. Аталған апатты оқиғадан еңбек инспекциясы да бейхабар. Егер құрлысшылардың қауіпсіздік ережесін сақтамағаны туралы ақпарат расталса, онда белгілі бір шара қолданамыз дейді.

Қалай болғанда да құрлысшылар қазір дін аман. Дене жарақатын мейлі алсын, мейлі алмасын әйтеуір бұл жолы оларды періштелері қағыпты. Жалпы кез келген құрлыс нысанында еңбек етуші азаматтар техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтауы қажет. Ал оны қадағалау жұмыс берушілердің міндеті болғандықтан бұл мәселе салғырттықты қажет етпейді.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9q6AgxRa4LU&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=7&feature=plpp_video[/youtube]