Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаға көмек көрсетілді

46
Қазіргі таңда қоғамда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық  жиілеп кетті. Мұндай жағдайдың орын алуына не себеп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйел не істеу керек? Көбіне азамтшалар осындай жағдайға тап болғанда не істерін білмей жатады.
 Мұндай жағдайлардың жиілеп кетуіне көбіне  отбасылық құндылықтардың азайғандығынан, әкенің беделі, анаға деген құрмет, ер адамның әйеліне деген сыйластық қарым-қатынасының тым төмендеп кеткенінен іздеу қажет сияқты. Осының барлығы бізде кенже қалып бара жатыр. Бірден-бір басты себеп осы.
Бұдан бөлек, көбінесе орын алған ұқық-бұзушылықтардың басым көпшілігі оның ішінде 80-90 пайызы ішімдіктің кесірінен орын алады. Әйелі мен ері бірігіп ішімдік ішеді. Болмаса  бір тараптың мас боп қалуынан жасалады. Масаң күйге түскен адамның іс әрекеті белгілі гой,  басы ұрыс-керіспен басталып, аяғы қылмысқа немесе құқық-бұзушылыққа апарып соғады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары отбасындағы ұрыс-керістің алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша ұдайы түрде іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыс атқарады.
Мәселен, Абай ауданының Полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева отбасындағы жанжалдан зардап шеккен азаматшаны қабылдады. Әйелге құқықтық көмек көрсетілді, сондай-ақ, заңның талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған заңға сәйкес, жәбірленушінің арызы бойынша құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Нұсқамаға сай, азамат ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қойылып, онымен отыз күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Яғни, оның тұрғылықты жеріне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Құқық бұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.