Сайрам ауданына қарасты Жаңаталап ауылында да үйлерді су алды.

304

Сайрам ауданына қарасты Жаңаталап ауылының тұрғындарын күннің күрт жылынуы әбіржітіп жіберді. Сәрсенбі күні түнде топан су бірнеше үйдің ауласын басқан . Ауыл шетіндегі шағын көпірді де тілсіз жау жарамсыз етті.

«Таңертең келсем, көпір жоқ. Мұз қатып қалған өте алмадым. Құлап қалайын деп зорға өттік»,-дейді ауыл балалары.

Бұл көпірмен ауыл шетіндегі бірнеше ондаған отбасы балалары мектепке барып, үлкендер жұмысқа қатынайтын.  Су тартқыш та сол жақта екен.

Рүстем Бесбаев: » Ауызсуды да арғы жақтан тасимыз. Есік алдындағы суымыз ащы, онда тұщы. Енді су алу мұң болып қалды».

Елдімекенді 20 ақпанда басқан судан 100-ден астам үй зәбір шеккен. Қазір тұрғындар өздері соққан тоғандарды бекітуде. Әйтпесе, еріген қар аулаларын шайып кетуі әбден мүмкін.

Ауыл әкімдігіндегілер, жапа шеккендерге көмек береміз деп уәде етуде. Бірақ, әзірге жағдайларыңды өздерің жасаңдар дегенге ұқсайды.