«Қазақзергер» дүкенінде акция ұйымдастырылды

Керемет сапа мен көздің жауын алар зергерлік бұйымдар «Қазақзергер» дүкенінде сатылады. Оны сатып алып қана қоймай ұтып алуға да болады. Көктемнің алғашқы айында «Қазақзергер» тұтынушыларына арнап сыйлықтар ұйымдастырыпты.

Сағат 12-де «Казақзергер» дүкені келушілерге лық толды. Мұнда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай зергерлік ұтыс ойындары өткізілді. Жарқыраған алтын мен жақұт, бағалы тастары бар бұйымдар көз жауын алады. Жиналғандар тағатсыздана өздерінің купон нөміріне қарайды. Бағы жанғандар сыйлық пен көктем мерекесімен құттықтау естіп, ыстық ықыласқа бөленді.

Эльмира Бегманова, «Казақзергер» АҚ шымкенттегі филиалының директоры: «Мүмкіндікті пайдалана отырып, барлығыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Денсаулық, бейбітшілік пен әдемі болып жүре берулеріңізді тілеймін!»

Зергерлік дүкеннің тұрақты сатып алушысы Даметкен Абаева бас жүлде — гаухар тасты алқа ұтып алды. Ең алғаш рет 40 жыл бұрын Даметкен осында әкесімен келген екен. Содан бері сүйікті дүкеніне келу дағдысынан айныған емес. Даметкен ұтыс ойындары өткізіледі дегенде бірден жаңа әшекей сатып алған.

Даметкен Абаева, «Алмаз» дүкенінің сатып алушысы: «Теледидардан көріп келген едім. Алқа алатынымды түсімде көргенмін. Осылай түсіміздің барлығы өңге айнала берсе екен. Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Барлық әйел осындай бағалы бұйымға лайықты деп ойлаймын. Осы дүкеннен сатып алыңыздар ұтылмайсыздар».

«Қазақзергер» дүкенінің тұтынушыларына 1 -10 наурыз аралығында сатып алған бұйымымен бірге ұтыс ойынына қатысуға купон берілген. Гаухартастармен көмкерілген алқамен қоса, дүкенде 5, 10, 20 мың теңге сыйақы да табысталды. Зергерлік бұйымдарды бағалаушыларға арнап «Қазақзергер» мұндай акцияларды еліміздегі 20 бөлімшесінде жиі өткізіп тұрады. Сыйлық ұтып ала алмағандар сертификаттарын сәуір айының аяғына дейін 15 пайыздық жеңілдік купоны ретінде пайдалана алады.