31 наурызда жарықты өшіріңіз. Әлемде «Жер уақыты»

275
radikal.ru сайтынан алынды

31 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да бүкіл әлеммен бірге Қазақстан да «Жер уақыты» шарасын өткізеді.

Аталған акцияға еліміздің 60-тан астам қаласы, оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе, сынды шаһарлар да қатыспақ. Ағымдағы жылы шара аясында бүкіл әлемнің танымал сәулет ескерткіштері электр жарықтарын сөндірмек.

Астанада да «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» сынды 100-ден астам нысандағы шамдар 1 сағатқа өшіріледі деп күтілуде. «Париждегі Эйфель мұнарасы, Берлиндегі Бранденбург қақпасы да әлемдегі миллиардтаған адамдарға қосылып, жарықтарын сөндіреді.