«Бәйтерек» зияткерлік мектебі халықаралық олимпиаданы тағы да мойындатты

2645

Бүгін қазақстандық «Бәйтерек» зияткерлік мектебі өз жеңімпаздарын құттықтады. Мектеп оқушыларының мерейі үстем. Себебі, 16-халықаралық олимпиадаға қатысқан 45 шәкірттің барлығы да жүлдемен оралды.

Бәйтеректің акты залында қуанышты сәт атап өтілуде. Шәкірттер 12 аталым бойынша 162 марапат әкелді. Хорвард жүйесі бойынша білім алатын мектептерге арналған халықаралық олимпиада Мәскеуде өтті. Оқушылар олимпиада тапсырмаларын ағылшын тілінде орындады.

Наталья Тен, «Бәйтерек» зиятркелік мектебінің инновациялық орталығының жетекшісі: «Мұндай олимпиадалар оқу процессінің қиындығын азайта түспек. Бұл шараның маңызы өте зор. Бұл бағыттағы олимпиадаларда шәкірттер тек тіл, әдебиеттен ғана білімін сынға салып қана қоймай, ән айтып, би билеп, қолөнермен айнлысып, спортта шыңдалады. Бұл баланың жан-жақты болуына ықпал етеді».

«Бәйтерек» мектебі халықаралық олимпиадаға 2-ші жыл қатысып, 2-рет гран-при жүлдесін иемденіп, Шымкенттің зияткерлік мектебі «Олимпиада мектебі» деген құрметті атағын алып отыр. Олимпиада капитаны Асан Балабиевке ең үздік қатысушы аталымын алуға бір қадам ғана жетпей қалды. Бәйтерек шәкірттері мүмкін болған 12 медальдің 10-нын қоржынға салды. Асанның айтуынша мұның өзі жеңіске деген бір қадам, демек келесі жылы жетістік бұдан жоғары болары сөзсіз.

Асан Балабиев, «Байтерек» мектебінің оқушысы: «Өте қиын болғанына қарамастан маған қатты ұнады».

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін тек ғана ортақ бір мақсат керек, дейді Бәйтерек мектебінің ұстаздары. Ол – мұғалімдер мен шәкірттердің және ата-аналардың жақсы тілегі.

Марина Потий, «Байтерек» зияткерлік мектебінің директоры: «Ата-аналармен бірігіп жұмыс жасау, көптеген жетістікке жеткізеді. Ал баланың ешкім ойламаған талантын ашуға болады. Оның өте қиын жұмыс екені айтпаса да түсінікті. Ал нәтижені көргенде бәрі ұмытылады».

Халықаралық олимпиададағы жеңіс бұл мектептегі білім берудің деңгейінің жоғарылығын көрсетеді. 12 елден келген қатысушылар арасында Ресей мен Америкалықтарды басып озып, Бәйтеректіктер көшбасшы атанды.