Оңтүстіктің шекарашылары биылғы жылдың ең ірі есірткі партиясын тәркіледі

есірткі тәркіленді

Қазақ-Қырғыз шекарасында бір күнде есіркі алып өтпек болған үш азамат ұсталды. Оның ішінде, Қырғыз азаматы 20 келіге жуық героинді көлікте жасырып алып өтпек болған. Пластикалық құтыларға салынған есірткі затын қулығы асқандар Мәскеу асырмақ болған.

Жамбыл облысындағы «Сыпатай батыр» шекара бекетінен өтіп жатқан «Хонда» көлігін тексеру барысында оның жанармай кұятын багынан ақ ұнтақ салынған 13 пластикалық шөлмек табылған. Арнайы сараптама қортыныдысы оның «героин» екенін анықтап берді.

Айбол Жақсылықов, ҚР ҰҚК «Оңтүстік» шекара қызметінің өкілі: «Бұл сол күнгі жалғыз оқиға емес. Араға жарты сағат салып сол бекеттен жарты грамм марихуана алып өтпек болған Қазақстанның азаматы ұсталды. Ал, тағы бір сағаттан соң 0,6 грамм героин алып өтпек отандасымыз қолға түсті».

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 19 келі 672 граммды құрайды. Шекарашылардың айтуынша, қолға түскен Қырғыз азаматы Ресейге бет алған екен. Дәл осы күні «Сыпатай батыр» шекара бекетінде екі жарым сағаттың ішінде есірткі алып өтпек болған тағы екі адам ұсталған.