Úı ANONS Мүлік салығы: 1 қазанға дейін төлеп үлгеріңіз

Мүлік салығы: 1 қазанға дейін төлеп үлгеріңіз

Еліміздегі жаңа Салық кодексіне енгізіліп жатқан өзгерістер қазір қоғам талқысында. Осыған орай, Шымкентте өткен «Ашық есік күнінде» салық органдары тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауалдарға жауап берді. Мамандар мүлік пен көлік салығын төлеу мерзімдері мен декларация тапсырудың электронды жолдарын егжей-тегжейлі таныстырды. Бұл бағыттағы негізгі мәселелер мен талаптар туралы толығырақ сюжеттен көріңіздер.

 

Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталды. Соған қарамастан әлі де болса берешегі бар азаматтар бар. Ресми дерек бойынша,Әл-Фараби ауданында көлік салығын төлемеген 5485 салық төлеуші бар. Олардың жалпы қарыз сомасы 217 миллион 533 мың теңгеден асады. Бұл олқылықтардың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында басқармада «Ашық есік күні» өтті. Мамандар сондай-ақ  енді мүлік салығын 1 қазанға дейін төлек керектігін де еске салуда. Мамандар Тұрғындарға салықты уақытылы төлемеудің салдары ауыр екенін де ескертеді.

 

СЕЙІТҚҰЛ СӘКЕНҰЛЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ: «Одан бөлек бізде 1 қазанға дейін үйдің, жердің салықтарын төлемеген жақдайда бірінші хабарлама берешегі бойынша. Одан соң жеке сот орындаушыларына одан ары қарай жеке сот орындаушыларына өткізіп сол жақтан өндіріледі».

 

Мамандар салықтық міндеттемелерді орындаумен қатар, азаматтарды 250-нысан бойынша декларацияны да уақтылы тапсыруға шақырады. Бұл – тек салық төлеу емес, азаматтардың өз активтері мен міндеттемелерін заң жүзінде жариялауы. Қазіргі таңда қағазбастылықты жою мақсатында бұл үдерісті үйден шықпай-ақ, заманауи электронды сервистер арқылы жүзеге асырудың толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, декларация тапсыру мерзімін өткізіп алу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын, сондықтан әрбір азамат өз жауапкершілігін сезінуі тиіс екенін мамандар еске салады.

 

АНАРАЙ САБЫРҚЫЗЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Салық төлеушінің кабинеті, E-салық азамат қосымшасы және Egov порталы, Екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы және қағаз жүзінде құжаттарды тапсыра алады. Электронды түрде тапсырылған жағдайда сіздерге тапсырылды хабарламасы келіп түседі ал қағаз жүзінде тапсырылған жағдайда құжаттарыңыз қабылданғаннан кейін декларация мәліметтері ақпараттық жүйеге енгізіліп және қабылданғанын растайтын талон беріледі».

 

Мамандар мүлік пен көліктен бөлек, арнаулы салықтық режимдегі кәсіпкерлерге де ескерту жасады. Олар есепті 15 тамызға дейін өткізіп, төлемді 25 тамыздан кешіктірмеуі тиіс. Белгіленген мерзімнен асқан жағдайда әр күн үшін өсімпұл есептеледі.

Ботакөз Әнуар