Экология туралы жазатын журналистер аз

312

Шымкентте БАҚ-да экология тақырыбын ашу мәселелері бойынша  журналистерге арналған семинар-тренинг өткізілуде.  Семинарға Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Жамбыл облыстарының 18 БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Қоршаған ортаны қорғаудың проблемаларына  көпшіліктің көңілін аудару үшін нені негізге алу керек? БАҚ беттерінде көтеріліп, мезі болған экология мәселелеріне ел неге енжарлық танытады?  Міне осы сауалдар төңірегінде ой бөліскен тілшілерге «Media Net» Халықаралық Журналистика Орталығының директоры Игорь Братцев, осы орталықтың жоба менеджерлері мен Астана қ. ЕОЫҚҰ жанындағы экологгия және экономика бөлімінің меңгерушісі Александр Пейчев пен эколог мамандар ергілікті БАҚ өкілдеріне дәріс оқуда.

«Экология мәселелерін экономика, не саясат мәселелерінен бөліп қарауға мүлдем болмайды. Журналистердің де қазір жіберетін қателіктерінің де басым бөлігі осыған келіп саяды. Қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына  қосалқы тақырып ретінде қарауды қою керек. Немесе науқандық үрдістен де арылу қажет. Өйткені бұл тақырыпқа тек атаулы күндері ғана айрықша мән беріп, басқа кезде көлеңкелі боп қала береді. Тағы бір айта кететін мәселе, журналистер қауымы бұл мәселені көтерген кезде жалпылама тілден алуақ боп, әр адамның қызығушылығын туындата білуі міндет»,- дейді «Media Net» Халықаралық Журналистика Орталығының директоры И.Братцев.

Журналистерге арналған экосеминар сәуірдің 6-да қорытындыланады. Тренингке қатысқан тілшілерге арнайы сертификаттар тапсырылады.