Шымкенттіктер «Болашақ» стипендиясына құжат тапсыруда

518
Шымкентте "Болашақ" стипендиясына брифинг өтті

«Болашақ» стипендиясы. Мәртебелі стипендияға құжат тапсыру науқаны басталды. Шымкентте осы бағдарламаға қатысты брифинг өтті.  Енді Астанаға бармай-ақ, 14 мамырдан 31 шілдеге дейін құжаттарды тапсыруға болады. Байқау 2013 жылдың 4 маусымынан қаңтар айының 31-жұлдызына дейін жалғаспақ. Үміткерлерді іріктеу шет немесе мемлекеттік тілдерді білу деңгейін, психологиялық дайындығын, зияткерлік және кәсіптік даярлығын анықтау арқылы конкурстық негізде жүргізіледі. Сондай-ақ құжаттарды қабылдау бөлімі биылғы өзгерістер орын алғанын айтты.

Дидар Байжанова, құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бөлімінің жетекші менеджері: «Биыл өзгерістер бар. Сондықтан бізге телефон шалып немесе жеке сайтымызға кіріп, танысуларыңызға болады. Ең бастысы, үміткер-қатысушылардың талаптармен толығырақ танысуы болып отыр. Мүмкіндіктерді де дұрыс пайдалана білу керек мемлекет тарапынан жасалып отырған. Мамыр айының 14-нен бастап 31-шілде аралығында құжаттарды қабылдаймыз».

«Болашақ» стипендиясына үміткерлер ретінде мынадай санаттар қатыса алады:

  • Шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер.
  • Мемлекеттік қызметшілер болып табылатын үміткерлер.
  • Ғылыми-педагог қызметкер болып табылатын үміткерлер.
  • Ағымдағы жылдың жоғары оқу орындарының түлектері болып табылатындар.
  • Тағылымнамадан өтуге үміткерлер.
    "Болашақ" стипендиясы - мүмкіндік жолы

    Қажетті құжаттар тізбесі:
    (Конкурсқа қатысу үшін Сіздер мына құжаттарды тапсыруларыңыз қажет):

    1. негіздеме-өтініш;
    2. сауалнама;
    3. жұмыс берушінің маман даярлауға тапсырысы;
    4. Жеке куәліктің және паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
    5. дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы);
    6. 0-82/ у медициналық анықтама;
    7. еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
    8. зейнетақы қорынан ресми анықтама — жазба;
    9. ол бар болған жағдайда, шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы нақты ресми сертификаттың көшірмесі;
    10. тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бар шартсыз шақыртуының көшірмесі (қаржылық шарттар мен шет тілін білу деңгейін талап етілетін деңгейге дейінгі жеткізу шартын қоспағанда);
    11. тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйым бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы.

    Толығырақ мәліметті WWW.bolashak.gov.kz сайтынан біле аласыздар.

    Қанат Қошақов "Болашақ" стипендиясын құптайды

    Қанат Қошақов – 2006жылғы «Болашақ» стипендиясының иегері. Елінің ертеңін ойлаған жігіт Ұлыбританияда жоғары дәрежеде білім алған. Бүгінде Шымкент қалысына қарасты ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарады.
    «Болашақ» стипендиясы бойынша білім алғандарды келген бойда мамық орындықтың күтіп тұрады деген сөз емес. Себебі өз еліне келіп, жұ мыс таппай сандалатындары қаншама. Ал Қанат туған жеріне келіп, алған білімімен шектелмей, білгенге маржан деумен ізденуді тоқтатпаған.

    Қанат Қошақов, Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы: «Әрине, Лондоннан келгенде өзімнің мамандығыма сай жұмыс іздедім. Осылайша, белгіленген тәртіп бойынша тағы да дайындалып, сұрақтарға жауап беріп, жұмысқа қабылдандым. Басқа қалалардан ұсыныстар болды. Десе де өзімнің туған жерім Шымкентке келдім ғой. Айта өтейін,  мен Ұлыбританияғаалғаш барғанымда  ондағылар «қазақ» деген халықты білмейтін. Дәл сол жылдары «Борат» деген фильм тарап, біздің елдің абыройын айрандай төкті. Алайда , сол елдегі қазақстандықтар жиналып, наурыз тойын тойлап, халқымыздың тектілігін танытатын дәстүрлерімізді көрсеттік. Тойтарыс бердік осындай жолмен».

    «Ғылым таппай мақтанба» деген ұстанымды алға тартатын Қанат Сырлыбайұлының жұмыс күні жеміске толы. Десе де арманы асқақ жігіт – Қазақстан эклоноиксының Ұлыбританиядан асып түскенін көргісі келеді. Даму жолға сүбелі үлесін қосатынына бек сенімді.