Жарыстың соңғы күні, ринг төріне доданың ептілері шықты. Он салмақ дәрежесінде жиырма боксшы Марат Жақсыбаевтың жүлдесін сарапқа салды. Олардың арасында Қазақстандық боксшылар да бар. Алайда шетелдік қонақтар басым.
Шым қалада алғаш рет жалауын көтерген халықаралық жарыс Кеңес одағы кезінде спорт шебері атана білген Марат Жақсыбавтың жүлдесіне арналып отыр. Бес елдің боксшылары ринг төрінде қолғап түйістіріп, төрт күн бойында 92 спортшының арасынан топ жаруға тырысты. Ақтық кездесуге Өзбекстандық 5 боксшы жолдама жеңіп алса, Қытайдың да 4 шәкірті алтын медаль үшін таласты.
Ал алаң қожайындарының бұл жолы сәті болмады. Алтыннан алқа тағу шымкенттіктерге бұйырмапты. ауыр салмақта ринг төріне шыққан жерлесіміз де өзбекстандық қонаққа есесін жіберіп алды. Нәтижесінде шет елдік боксшылар епті екенін дәлелдей білді.
Нәтижесінде өзбекстандық бес боксшы алтыннан алқа тақса, аспан асты елінің екі спортшысы жеңіс тұғырына көтеріле білді. Ал қазақстандықтар күміс медальға қанағат етті. Бұл турнирдің негізгі мақсаты жастар арасында епті боксшыларды іріктеп алып, алдағы уақытта қателікпен жұмыс жасау болатын. Бұл жоспар орындалды дейді турнир иесі Марат Жақсыбаев.
Жеңімпаздардың тізімі:
46 келі — Сардор Музаффаров — Өзбекстан
52 келі — Алум Умур — Қытай
56 келі — Нұрсұлтан Нысамбаев — Өзбекстан
60 келі — Өркен Нұрзаш — Алматы
64 келі — Ысраил Мадримов — Өзбекстан
69 келі — Зұлпұхар Мамади — Қытай
75 келі — Әли Ахмедов — Алматы
81 келі — Хұрсан Әлімов — Қазақстан
91 келі — Озот Межитов — ӨЗбекстан
+91 келі — Ғайбұлло Қошқаров — Өзбекстан