Шымкентте негізгі деген ескі тораптарды қалыпқа келтіруге 2 млрд. теңге қажет

165
Жиналғандар өз ұсыныстарын білдірді

Сонымен, келесі жылғы жылу маусымында шығындарды қалай азайту керек? Қалалық жылуэнергоорталығының өкілдері осы мәселені табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінде талқылады. Жылу берушілердің мәліметінше, қаладағы ең негізгі деген ескі тораптарды қалпына келтірудің өзіне 2 миллиард теңге қажет. Бұл қаражат тариф бағасына енгізілмепті. Ал жылуды пайдалану нормасын қайтадан, жаңа әдіспен есептеу керек дейді «3-Энергоорталық» АҚ өкілдері.

Осы тақырыптар төңірегіндегі жария тыңдауды «3-Энергоорталық» АҚ-ның өкілдері өткізді. 2012 жылға нормативтік-техникалық ысыраптартарды қарауға бағытталған шарада түйткілдер да таразыға салынды. Мәселен, «3-Энергоорталық» АҚ-ның құзырында қаланы жылумен қамтамасыз ету кірсе, осы жылу «Қуат жылу орталық 3» мемлекеттік коммуналдық мекемесі құбырлары арқылы қаламыздың 40 пайызын қамтиды. Сондықтан, жиын барысында мекеме өкілдері қаңтар, ақпан айынан бергі жалақыларын талап етуде. Жыл басынан бері еңбекақысынан қағылғандар істі соттың  қарауына тапсырыпты. 

Бахытжан Жолдыбаев мәселенің мәнісін түсіндірді

Бахытжан Жолдыбаев, техникалық-өндірістік бөлімнің бастығы: «Алдыңғы жоба дұрыс жасалмағандықтан, есеп тура келген жоқ. Сондықтан жылуды пайдалану нормасы қайта қаралды. Оның үстіне тариф құны 10 пайызға өседі, сонда біздің көрсеткіштеріміз тиісті дәрежеге келеді». 

Осылайша ашынған «қуат жылу орталық 3» мемлекеттік коммуналдық мекемесі қаламыздың 40 пайызын жылумен қамтамасыз етеді. Сондықтан, жылу құбырларына жасаған жұмыстары үшін жалақыларын талап етуде. Жыл басынан бері еңбекақысынан қағылғандар істі соттың қарауына тапсырыпты.

Равшанбек Анарметов, «Қуат жылу орталық 3» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бас инженердің орынбасары: «Біз сотқа бердік істі қарауға. Десе де бүгін осында келіп отырмыз. Барлығы оң шешемін тапсын деген оймен. Әрине, бізге істі сот қарауынан алуды ұсынып отыр. Біз бұған да келістік. Енді мәселенің шешімі алдағы уақытта белгілі болмақ».

 ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыс бойынша департамент өкілдері тығырықтан шығудың жолын көрсетті. Сондай-ақ орын алған олқылық құбырлардың тозғандығынан деп түсіндірді.

Кездесу барысында Табиғи монополяның субьектісі — «3-энергоорталық» АҚ-ның өкілдері реттелген нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейіне тоқталды. Жария тыңдау қатысушыларының білдірген пікірі, ұсынымдары толығымен назарға алынады деп тарқасты жиын.