Облысымыздың түрлі аудандарынан келген 72 дәрігер, акушер-гинеколог және педиаторлар 106 сағаттық білімін жетілдіру курсынан өтіп, куәлікке ие болды.Оларға заманауи талаптарға сәйкес білім беруді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті бірлесе ұйымдастырып отыр.
«Қазақстан Республикасында дәрігерлердің білімін жетілдіру бойынша біз бірнеше жоғары оқу орындарымен бірлесе жұмыс жасаймыз. Қазіргі таңда заманауи талаптарға сәйкес дәрігерлердің білімін жетілдіру өзекті мәселелердің бірі. Тек А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік униерситетімен ғана емес, Алматыдағы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университімен, Астана медициналық университетімен, Литваның мемлекеттік университетімен, Санкт-Петербург пен Ресейдің медициналық университетімен де бірге жұмыс жасап келеміз»,-дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы әкімшілік кадр жұмысының бөлім бастығы Серік Алиманов.
Дәрігерлер біліктілігін арттыру курсында жаңа заманға сәйкес әдістерді қолдануды үйренді. ХҚТУ-дың жоғары дәрежелі, білікті профессорлар құрамы қаламыздағы мекемелер мен ауданнан келген абзал жандарға сабақтар өтті.
Екінші жыл қатарынан өткізілген іс-шарада оқып, соңғы жаңа технологияларды игерген дәрігерлер енді білімдерін іс жүзінде іске асыратын болады.
«Бұл оқу орнына да, тыңдаушыларға да тиімді. Олар бізден алған білімін тәжірибе жүзінде іске асырады және Заңда көрсетілген дәрігерлер әр бес жыл сайын білімін жетілдіріп отыруы тиіс. Бұл ақ халаттылардың категория алуына мүмкіндік береді және еңбекақылары көбейеді»,- дейді ХҚТУ оқу-клиникалық базасының директоры Рамазан Бектұрғанов.
Куәлікке ие болған 72 дәрігердің ішіндегі жалғыз ер азамат Созақ ауданынан келген. Дәрігер Қасым Жошыхан акушер-гинеколог болып қызмет жасайды. «Дипломмен ауылға «бағдарламасы бойынша жұмысқа тұрған ол бес жылдан бері қаншама баланы өмірге әкелуге көмегін тигізіп, өз міндетін адал атқарып келеді. Ол дәрігерлердің білімін жетілдіру жиі болып тұрса дейді.
«Күн сайын медицина саласында сандаған өзгерістер болуда. Ал қауіпсіздік аналық тәсіл бойынша, соларды қайта-қайта оқыту барысында гинекологияның актуалды сұрақтар жөнінде оқуды аяқтадық. Жаңалықтардан хабардар болдық, естен шыққан мәліметтерді еске түсірдік. Медицина дамып отрығаннан кейін сол саладағы барлық хабарлардан хабардан болуымыз керек. Сондықтан мұндай оқулар өте қажет деп ойлаймын»,-деді акушер-гинколог Қасым Жошыхан.
Айта кетейік, облысымызда 7500-ға жуық дәрігер болса, өткен жылы оның 3000-ға жуығы Қазақстанның түрлі қалаларында, ал 300 -і мен алыс жақын шетелдерде білімін жетілдіріп қайтқан.