Шымкентке Франциядан 80 велошабандоз келді

256
80 велошабандоз Шым қаладан кейін Қызылордаға жол тартады

Бұл велошабандоздар аспан асты елінен ат терлетіп келді. Олимпиаданың ашылуына арналған марафон төрт жылда бір рет өтіп тұрады. 2008 жылы олардың қатары 30-ға жетсе, билы 80 ардагер велосипедке отырып, саяхатқа шығыпты. Олардың ең жасы – 40-та болса, ең үлкені – 80-дегі қария да биыл жолға шығуға бел буған.

Мишель Кабар – марафон жетекшісі: «Ұзақ жол болған соң, әрине қиындықтар да кездесіп тұрды. Алайда, біз марафонға шығар алдын барлық елдегі жағдайды зерттеп, қауіп төну жолдарын да қарастырғанбыз. Оның үстіне ауа райы да әр түрлі. Осы тұсы да ауырлау».

Марафон белсенділерінің 90 пайызы француздар. Олар 5 айдың ішінде 14 мың шақырым жолды жүріп өтуі тиіс. Бүгіннің өзінде тең жартысын қариялар бағындырып үлгерген. Тараз арқылы шымкентке жол тартқан велошабандоздар қалаға кіре салысымен-ақ қарбыздан дәм татты. Алайда марафон жетекшілері оған тыим салып, ертеңіне ауырып қалмаудың амалын жасады.

Нұржан Сманов, қалалық спорт бөлімінің бастығы: «Біз күтіп алып жатырмыз. Біз үшін мұндай марафонның Шым қала арқылы өтіп жатқаны үлкен қуаныш. Бір күн бойында оларға қаламыздың шырайлы жерлерімен таныстырамыз».

Ардагерлердің веломарафоны тамыз айында басталатын Лондондағы паролимпиядалық ойын қарсаңында елге жетуі тиіс. Ертең еуропалықтар Қызылоррдаға қарай бет алады. Содан кейін, Ресей еліне өтпек ниетте.