Шымкентте Шәмші Қалдаяқов атындағы аллеяда ОҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық «Әзіл әлемі» фестивалі өтеді. 20 маусым күні сағат 20-30 да басталады.
Күлкі кешіне Жапония, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан әзілкештерімен бірге қазақстандық «Базар жоқ» әзіл-сықақ театры, «Өнер қырандары», «Шаншар», «Алдараспан», «Шымкент шоу» қатысады деп күтілуде.
Әзіл кешінің жүргізушілері «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов пен «Базар жоқ» театрының директоры Тұрсынбек Қабатов.
«Әзіл әлемі» халықаралық фестивалінің қадірлі қонақтары жапониялық Ясума Ассама,өзбекстандық Хандулят, ресейлік Евгений Петросян т.б.