«Жаңа шаһар» базарында қарбыздың келісі 50-60 теңге төңірегінде. Жемістерден жүзім 400 теңге, ал өрік 250-ден саудалануда. Көкөністің бағасы едәуір арзандаған, дегенмен көтерме сауда орнындағы бағадан әлі де болса жоғары.
Ханым ИСАЕВА, сатушы: «Көкөніс Сарыағаш, Сайрамнан келуде. Өзіміздің Асардан да қызанақ, қиярлар тапсырылуда. Қызанақтың бағасы 70-130 теңге аралығында. Қиярдың бағасы 70-80 теңге.Өткен аптадағы бағалармен салыстырғанда баға бірашам түскен».
Балғын пияздың бағасы шарықтап тұр — келісі 100 теңге, қызылша — 60, сәбіз — 100, ал қырыққабат 50 теңге тұрады. Бау-бақша өнімдері неғұрлым өнім көп болса, баға да соғұрлым арзандайды дейді сатушылар.
Мұхаббат Нышанбаева, сатушы: «Бәсекелестік артқан сайын, өнімдер де көбейеді. Бізге де жақсы.Мысалы қазір катроп көп. Сайрам шаруалары өз өнімдерін тапсыруда. Қала іргесіндегі Асар шағынауданынан да көкөніс көп келуде».
Алайда, жолы түсіп шағын базарға келгендер мұндағы бағаның қаладағы базарлардан қымбаттау екенін байқапты.
Ақмарал , қала тұрғыны: «Былтыр осы мерзімде арзан еді. Биыл деген маусымның өзінде баға шарықтап тұр. «Жаңа шаһар» шағынбазарындағы бағалар қымбат. Оны қадағалайтын мекеме бар ма? Жергілікті билік не қарап отыр»»
Ия, айтпақшы жақында ғана Үкімет отырысында сауда министрі Сағынтаев 2012 жылдың соңына дейін 2012-2020 жылдарға арналған бөлшек сауданы модернизациялау бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Ал әзірге алыпсатарлар ауылшаруашылығы өнімдерін дихандардың бағасынан біршама жоғары бағамен сатуда.