Оңтүстіктің шаруалары пісіп-жетілген өнімдерін тиімді бағамен сатуға ниетті. Алайда, үйдегі нарықты базардағы баға реттейтіні де бар. Шығынын толық өтей алмаса, ауылдағы ағайынның шығынға бататыны да анық. Сондықтан ұсақ шаруа қожалықтары қандай да дақыл егу алдында сұраныстың көлемі мен өнімді сақтаудың жайын анықтауы тиіс. Облыста бүгінде 131 мың тоннаға дейін өнім сақтайтын қоймалар бар.
Низамиддин Пірманов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары: «Облыста 131 мың тоннаға дейін өнім сақтайтын қоймалар бар. Былтыр бағаны тұрақтандыру мақсатында ауыл шрауашылығы өнімдерінің қоры жасалған еді. Алайда бағалар тым арзан болып, одан диқандар емес, тұтынушылар ұтты. Көкөніс қорын күзден бастап жасай бастаймыз. Алдағы қыс пен ерте көктемде картоп пен пиязға баға шарықтамас. Алайда барлығы мүмкін. Өйткені қазіргі таңда барлығын нарық реттемейді ме?
Шымкент қаласындағы замануи талаптарға сай ірі қоймалардың бірі — «Санжар фрутис» қоймасының жалпы алаңы 1700 шаршы метрді құрайды. 1440 шаршы метрлік мұздатқыш камералары бар. Онда бүгінде Ордабасықұс, «Адал» серіктестіктерінің өнімдері сақталуда. Жаздық өнімдерді сақтауға ниет білдірген шаруалар жоқтың қасы дейді қойма басшысы.
Манарбек Әлиев, «Zanzhar Fruti, s» ЖШС-нің директоры: «Биыл өңіріміздегі бірде-бір шаруа қожалығы өнімімді қоймада сақтаймын деп келмеді. Ешқандай келісім шарт түзілген жоқ. Тек былтырдағыдай Қырғыстанмен келісімге тұрдық. Олар біздің картоппен қамтиды. Былтыр баға шарықтамас үшін, картоптың қорын көп жасаған едік. Өздеріңіз байқаған шығарсыздар, баға қымбат болмады».
Енді ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарларының бағаларын өндірушілер өз бағасымен сату үшін Санжар сауда логистикалық орталығы аумағында логистикалық сауда нүктелері ашылмақ. Мұнда тұрғындар азық-түлік тауарларын делдалсыз сатып ала алады. Бұл қадам — бағаның тұрақтандыруына бағытталған.Шаруа қожалықтары, ауылдық тұтыну өндірістік кооперативтері мен ауыл шаруашылығы бөлім басқарамаларының жұмысын үйлестіруші әкімдіктер міндеттерін өз деңгейінде орындаса, нәтиже толық болар ма еді?