Төреқұлов көшесіндегі өрт ауыздықталды

182

Шымкентте өрт ауыздықталды. Ол Төреқұлов және Диваев көшелерінің қиылысында орналасқан жеке үйде орын алған.

Анықталғанындай, от сарайдан шыққан. Қағылған дабыл бойынша уақтылы жеткен өртсөндірушілер бөлмелерден екі бірдей газ баллондарын алып шықты.

Дер кезінде сыртқа шығарылғандықтан, ешқандай жарылыс орын алған жоқ. Үйдің қыбарғалары ментөбесі тым ескі болып шықты, сондықтан, өрт басталған сәтте-ақ құлап түскен.

Бір қуанарлығы өртте адам шығыны болған жоқ.