Қалса да қоржын медальсіз, қатысып қайтқанға зор алғыс

ОҚО әкімі Олимпиадаға қатысушыларды қолдады
ОҚО әкімі Олимпиадаға қатысушыларды қолдады

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов Лондонда өткен 30-шы жазғы олимпиадаға қатысып қайтқан оңтүстіктік спортшыларын қабылдады.

Айта кетейік, бұл жолғы бәсекеде біздің спорт саңлақтарыымыз барын салғанымен, бағы шаппастан қанжығасы майланбай қайтқаны бар. Дегенмен, әлем үздіктері жиналған дүбірлі додаға жолдаманы жеңіп алып, өнер көрсетіп қайтудың өзі ерлік деді облыс басшысы.

Асқар Исабекұлы байрақты бәсекеде барын салған 12 спортшы мен олардың жаттықтырушыларын марапаттады. Дүбірлі додада ел намысын қорғауға ат салысқандары үшін арнайы мадақтама беріліп, 2 мың АҚШ доллар көлеміндегі қаржылай сыйлық табыс етілді.

Өз кезегінде облыс басшылығының жеңіссіз оралса да, жылы шырай танытып, қолдау көрсеткеніне спортшылар дән риза!