Жаңа оқу жылында 5 мектеп іске қосылады

265

Шымкентте үш ауысымда сабақ берілетін мектептер аз да болса бар. Қазіргі таңда осы мәселені толық шешу мақсатында 9 мектепте жаңа және қосымша ғимарат құрылыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жаңа оқу жылында солардың бесеуі оқушыларға есігін айқара ашатын болады. Бұл үшін қала әкімінің жаңа орынбасары Бақытжан Әшірбеков құрылыс жұмыстарын ширатуға тапсырма берді.

№52 мектепте енді бір мезгілде 1000-ға жуық бала білім алады. 600 оқушыға арналған білім ошағын кеңейту туралы шешім өткен жылы қабылданып, қосымша ғимарат құрылысы мен мектепті жаңарту жұмысы қатар басталған. Нәтижесінде мектептің бір қанаты өткен жылы жаңартылап, биыл 300 орындық жаңа ғимаратың құрылысы аяқталады.

Білім ошағына қосымша құрылыс салу үшін 600 млн. теңге бөлінген. Құрылысшылар осы ақшаға заман талабына сай мектеп ғимаратын салып, қажетті құрал-жабдықтар жеткізуі тиіс. Сонымен, биыл пайдалануға берілетін 5 мектеп пен келесі жылға өтпелі 4 білім ошағының құрылысы қаладағы үш ауысымда оқу мәселесіне нүкте қояды деп күтілуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8OGgCsquejc[/youtube]