Биболат ақсақал аядай ғана бөлмеде ою да салады, күнделікті асында осында ішеді. Өйткені үйі тар. Ал енді өнерді қояйын десе ол бойындағы ерекше дарындылықты тұншықтыра алмайды. Міне осылайша Биболат ақсақалдың өмірі өтіп жатыр. Алайда, қандай қиындықтар болмасын шебер тоқтамақ емес. Ол күніне екі оюды ойынан құрап шығарып, қағазға түсіріп жатыр. Бүгінде ақсақалдың миллондаған әртүрлі әлі жарияға жарияланбаған оюлары бар.
Биболат Рабатов, суретші: «Кішкентай кезімізде сурет сабағы келесі аптадан келесі аптаға дейін келгенше сарғая күтетінмін. Мен тек өзіме ғана емес, сыныптастарымның өтініштерімен де олардың сурет дәптерін алып кетіп салып әкелетінмін. Кейін бірнеше аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткіздім».
Созақ ауданының тумасы қолөнер шебері Биболат ақсақалдың есімі өзі оқып бітірген мектептегі бір сыныпқа беріліпті.
Биболат Рабатов, суретші: «Менің арманым осы жұмыстарымды жарыққа шығару. Өткен мәдениетті қолдау жылдары менің жұқа кітапшам жарыққа шыққан болатын. Кейін балаларға арналған түрлі-түсті оюларымды шағардым. Тек кішкентай балаларға ғана. Бір қалталы жігіттер аға тірі болсақ осы дүниелеріңізді жарыққа шығарып береміз деп уәде беріп еді. Сол кісілерді күтіп отырмын».