Табиғат әлемі балалар көзімен

қолөнер шебері

Қаламыздағы облыстық экологилық орталықта: «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты облыстық байқау өтіп жатыр. Ал бүгін дәл осы байқауға қатыстырылатын туындыларды қазылар алқасы саралады.

Аталған байқауға жалпы саны 254 жұмыс тапсырылған. Бәйдібек, Төлеби, Түлкібас, Отырар, Сайрам, Шардара, Созақ, Мақтарал, Сарыағаш аудандары қатыстырылған. Белгісіз себептермен бұл байқауға Кентау, Ордабасы аудандары қатыспаған.

Ал жұмыстар 5 номинация бойынша қаралады: «Туған өлкенің тазалығы үшін», «Экология балалар көзімен», «Табиғат тынысы», «Табиғат формаларының пластикасы», «Табиғат айнасы».

Байқаудың қорытындысы 18-ші қараша күні қаламыздағы №40-шы орта мектебінде  белгілі болмақ.