Шымкенте білім ошақтарының саны көбейді

259
мектеп құрылысы қарқынды
мектеп құрылысы қарқынды

Шымкентте мектептердің саны тағы да артады. Олай дейтініміз, Ворошиловка елді мекенінде облыста ерекше жобамен 1200 орындық білім ошағының құрылысы басталды. Мердігер «Атамекен» корпорациясы 13 айда нысанды қолданысқа беруі тиіс. 1 млрд теңгеден аса қаржыға бағаланған мектепке бөлінген жерде жұмыстар басталып кетті.

Бұл ауылдың балалары Чапаев атанып кеткен елдімекеніндегі ескі мектепке қатынап оқиды. Енді бұйыртса келесі жылдың қазан айында жаңа мектеп есігін айқара ашпақ. Облыстағы ерекше білім ошақтарының біріне айналатын мектеп бұған дейін салынған білім ошақтарының біріне де ұқсамайды дейді құрылысшылар. Олар күн суымай жатып қабырғаны қалауды жоспарлап отыр.

Мектеп құрылысына қоса бүгінде үш бірдей балабақшаның қабырғалары қалануда. Ал 9 мектептің 5 жаңа төрт білім ошағына қосымша құрылыс жүргізілуде. Алдағы жылы №6,42,және 22 мектептерге қосымша құрылыс жүргізілсе, «Қаражол» шағынауданында 900 орындық білім ошағы бой көтереді деген жоспар бар.

Мамандардың мәлімдеуінше, биылғы мектеп бітіретін түлектер мен бірінші сыныпқа баратын балғындар саны бұрынғыдан 6 мың адамға артық. Бұл дегеніңіз – жыл сайын қалада жаңа 5 білім ошағы салынуы тиіс. Сонда ғана үш ауысымда оқытудан арыламыз.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BkHDOdNgy6Y[/youtube]