Шымкентте қағаз шығарылатын болды

478
қағаз шығаратын зауыт ашылды
қағаз шығаратын зауыт ашылды

ОҚО-да құны 1 млрд. теңгелік қағаз өндірісі іске қосылды. Бұл – неміс технологиясымен жабдықталған Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын. Мұнда жылына 15 мың тонна қағаз шығарылады. Өнімнің сапасы жоғары болады дейді мамандар. Ал қажетті шикізат Европа мен Азия елдерінен. Алда қолданылған шикізаттан қағаз өңдеу жоспарлануда.

Қазір елдегі қағаз өнімдерінің 80 пайызы Ресейден, ал 20 пайызы Европадан әкелінуде. Ал бұл кәсіпорын енді елдің сұранысын толық қамтиды деп күтілуде. Мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Жас қызметкерлерге Германиядан келген тәжірибелі мамандар арнайы курс өткізді.

Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта республикамыздың өзге аймақтарынан өз филиалдарын ашуды мақсат тұтып отыр. Осылайша, ел экономикасына өз үлесін қосып, пайдалы кәсіпорындардың біріне айналмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nZtXz-Z6kKI[/youtube]