12 жылдық бiлiм беруге мәселе кез-келген бiлiм саласына қатысты басқосуда сөз болып жүр. Ыңғайластырылған мектеп негізінде білім беретін Сайрам ауданына қарасты №79 орта мектепте семинар кеңес өтіп, 12 жылдыққа өту жайында өзара пiкiр алмасты. Дәйекпен келтiрген орынды ұсыныстарына құлақ ассақ, қалай болғанда да бiздiң әлi дайын еместiгiмiз аңғарылады.
Қанша жерден, 12 жылдыққа көшемiз, деп байбаламдасақ та, бәрiбiр дайын емеспiз. Ең әуелi оқу-құралдары жеткiлiксiз. Әр пән бойынша бағдарлама жасау қажет. Тақырыпты талқылаған осы мектептің өзінде компьютер сыныптары мен интерактивті тақта санаулы ғана.
Шахрезада Аширова, №79 мектеп директорының орынбасары: «Егерде сыныптарымыз компьютерлендірілсе, интерактивті тақтамен жабдықталса біз оқытуышылар дайынбыз. Бірақ бізде ондай жағдай жасалмаған».
Биылғы бітіруші түлектердің бірі Жұлдыз Сапар, биология пәнінің мұғалімі мамандығын таңдапты. Бесінші мамандығын теория жүзінде жақсы білгенімен, практикалық тұрғыда білімі саяз екенін мойындайды.
Жұлдыз Сапарымбет, №79 мектептің 11-сынып оқушысы: «Таңдаған мамандығым биология. Алайда бізде, зертхана кабинеті жоқ. Яғни, практикалық жұмыс жасамадық. Сондықтан осындай олқылықтар жөнделіп, құрал-жабдықтармен толық қамтылса».
Десе де барымен болашаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған білім ордасы тәжірибесімен бөлісіп, ашық сабақтарын көрсетті.